Басқару консолін қосу кезінде Сервердің түпнұсқалық растамасы

Басқару серверіне алғаш рет қосылған кезде Басқару консолі Басқару серверінің сертификатын сұрайды және оның көшірмесін әкімшінің жұмыс станциясында жергілікті түрде сақтайды. Сертификаттың алынған көшірмесінің негізінде Басқару консолі осы Басқару серверіне кейіннен қосылған кезде Басқару серверін сәйкестендіру жүзеге асырылады.

Басқару серверінің сертификаты әкімшінің жұмыс станциясында сақталған сертификаттың көшірмесіне сәйкес келмесе, онда Басқару консолі берілген атаумен Басқару серверіне қосылуды растау және жаңа сертификат алу туралы сұрауды шығарады. Қосылғаннан кейін, Басқару консолі алдағыда Серверді сәйкестендіру үшін пайдаланылатын жаңа Басқару сервері сертификатының көшірмесін сақтайды.

Басына оралу